
Ауылдық округте Ақшәулі ауылдық округі әкімінің жанынан жастар ісі жөніндегі кеңес, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі кеңес, қоғамдық кеңес, ақсақалдар кеңесі, ардагерлер кеңесі құрылған.
Жалпы, ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстарға халықтың көңіл толады. Ауылдық округте «Самал ата» мешіті бар. Ауыл әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия Ауылдық округте Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік рәміздердің орналасқан жері тексеріліп, олардың жағдайы тұрақты бақылауда. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы ескірген рәміздер уақытылы жаңартылып отырады. Мемлекет басшысының бейнесі бар сыртқы үгіт-насихат материалдарының орналастырылуына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Жыл сайын 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекелік іс-шараларда мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіледі. Жастар саясаты Ауылдық округтегі халық саны 700 адам болса, оның 122-сі 14-29 жас аралығындағы жастар. Ауылдық округтің спорт залында «Қазақша күрес», шағын футбол, волейбол үйірмелері жұмыс істейді. 2024 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға білім саласының 1 маманы тартылды. Әкім жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі кеңес Әйелдер және демографиялық саясатты қалыптастыру мақсатында комиссия мүшелеріне міндеттер жүктелген. Комиссия мүшелері ауылдың әлеуметтік-мәдени өміріне белсене қатысады.