
Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» демекші, Бір жағадан бас, бір женнен қол шығарып бірлесе жұмыс атқарғанның арқасында ауылда әр мәдени іс- шаралар мәдениет қызметкерлері, ауыл әкімшілігі, мектеп ұжымы, жастар ұйымы және ауыл тұрғындарының қатысуымен өткізіліп отырады. Әр іс – шараға ауылдың азаматтары, шаруа қожалықтары және ауылдың кәсіпкерлері өздерінің демеушілігін көрсетіп тұрады.
Ауылымыздың спорт залында түрлі жарыстар өтеді. Оның ішінде мини футбол, воллейбол, грек рим күресі т.б. Қыс уақытында тай жарыстар ұйымдастырылады.