
Ауылдық округтегі негізгі бағыт – мал шаруашылығы. Ауылдық округте 77 шаруа қожалығы бар. Жыл басындағы мал саны – ірі қара – 3665, ұсақ мал – 3740, жылқы – 1434, құс – 2094 болды.
2024 жылы Ақшәулі ауылдық округінің шаруа қожалықтары лизингке жалпы сомасы 52 млн 300 мың теңгеге 5 трактор, 5 тіркемелер сатып алды. Өткен 3 жыл ішінде ауылымызға 12 трактор, 20 басқа да техникалар алынды. Ағымдағы жылы ірі және ұсақ малды асылдандыру мақсатында ауылдық округтегі шаруа қожалықтары қайтарымсыз қаражатқа 12 өтінім беріп, оның 10 млн 600 мың теңгесі алынды. «Әміржан» шаруа қожалығы өз қаражатына 41 млн 810 мың теңгеге 600 бас ұсақ мал сатып алды. Ақшәулі ауылдық округінің 2024 жылы тартылған инвестиция көлемі 104 млн 700 мың теңгені құрады.