Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы

Аягөз ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы жеке және заңды тұлғаларға 2026 жылдың 6 айында барлығы 20031 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 19880 қызмет электронды түрде көрсетілген, яғни электронды қызметтердің үлесі – 99,2% құрап отыр. Электронды қызметтердің үлесін арттыру мақсатында 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Аягөз ауданының шалғай орналасқан ауылдық округтерінде «Электронды қызмет көрсету орталықтарын» құру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 15 ауылдық округтерде жұмыс істеп тұр, штат бойынша барлығына 1 консультант оператор маман бөлінген, 6 айда барлығы 24869 электронды мемлекеттік қызмет көрсетілген.

2026 жылдың 6 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, аудан әкімінің ресми сайтында 5 хабарлама және аудан әкімдігінің әлеуметтік желісіндегі парақшаларында 4 хабарлама жарияланды.

Халықты түсіндіру шараларымен қамту барлығы 17277 адамды құрады.

2026 жылғы наурыз айында Аягөз ауданы әкімдігінің ғимаратында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жауапты бөлім мамандары азаматтарды қабылдап, тиісті кеңестер берді. Барлығы 15 қызмет алушы қабылданды.

Ішкі бақылау жұмыстары бойынша:

Заңмен бекітілген қағидаларға сәйкес аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөліміне арнайы уәкілеттік берілген. Мәліметке сәйкес 2024 жылы - 6, 2025 жылы – 8 мемлекеттік органға іс шаралар жүргізілсе 2026 жылы жоспарға сәйкес 5 мемлекеттік органда жүргізілетін болады.

Өткен айда Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде жоспардан тыс ішкі бақылау шарасы жүргізіліп 4 заңбұзушылық анықталған болатын.

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес қалалардың, кенттердің, ауылдық елді мекендердің барлық жерлері ең алдымен олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспары мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық құрылысы жобаларына сәйкес пайдаланылуы тиіс.

Алайда азаматтардың өтініштері «тұрғын үйге қызмет көрсету үшін» нысаналы мақсатынан «дүкенге қызмет көрсету үшін» нысаналы мақсатына өзгерту туралы оң шешімдер шығарылған. Негізі қолданыстағы Аягөз қаласының Бас жоспарына сәйкес сұралған жер учаскелерінің нысаналы мақсаты «усадьбалық құрылыс аумағы» яғни қонысқа арналған болып белгіленген.

Сонымен қатар бас тарту берілген өтініш иелерін тыңдау рәсімдері өткізілмегені анықталды. Заңға сйкес бұл процедура міндетті болып саналады.

Осы бұзушылықтарға байланысты қазіргі уақытта біздің бөлім тарапынан құрылыс бөлімінде қосымша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес арнайы ұсыныстар берілетін болады.

Қазіргі уақытта ауданымызда «ЕГКН» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу кезінде біршама олқылықтар орын алуда. Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелерде (қала әкімдігі, жер бөлімі) ақпараттық жүйеге жауапты мамандар арасында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапкершіліктері тең бөлінбеген және кейбір қызметкерлердің біліктіліктері жетіспейтіні байқалады, осылардың салдарынан былтырғы жылдан бері азаматтардың тарапынан шағымдар көбейген және мемлекеттік қызметтердің сапасыз мерзімінен кешіктіріліп орындалуы қаупі бар.

Айта кететін маңызды ескерту 2026 жылдан бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде орын алған заң бұзушылықтар облыс және аудан әкімінің жылдық рейтингіне тікелей әсер етіп, қорытынды баллдарын төмендету қауіпы бар.

Осыған байланысты заңбұзушылықтар орын алған жағдайда мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тікелей тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі.

Документы
Ақпарат
17 августа 2026
eGov Mobile қосымшасында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметі қолжетімді болды
Новости
Полезные материалы
Жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы
Медиагалерея
2
«Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі» ұлттық стандарт
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы