Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40.

Пошталық мекенжайы: 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскеменқаласы, М. Горький көшесі, 40, 304 каб.

Электрондық пошта мекенжайы: u.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz

Байланыс телефоны: 8 (7232) 71 32 57; 8 (7232) 71 31 21.

Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Жеңіс даңғылы,6.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 жылғы «14» қыркүйектен бастап 2020 жылғы «25» қыркүйекті қосаалғанда, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)

Өтінімдерді берудің басталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы «14» қыркүйектегі сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақытпен)

Өтінімдерді берудің аяқталатын күні мен уақыты: 2020 жылғы«25» қыркүйектегі сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландыру мен және конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik?lang=ru сілтеме бойынша танысуға болады.