
Аягөз ауданы Шынғожа ауылында «Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау және Қазақстан Республикасы депутаттарын сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 224 сайлау учаскесінің мүшелерімен семинар өткізіліп, кездесуге аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының сайлау Заңдылығын сақтау, сайлаудың әділ ,ашық өтуін басты назарда ұстауын,заңның бұзылу фактілеріне жол бермеу керектігін атап көрсетті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Оразбек.
Сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Абдреев Сайлау барысында ҚР сайлау туралы Заңының әр бабтарына тоқталып ,заңда көрсетілген барлық нұсқаулар мен міндеттерді ашық айқын орындалуын қамтамасыз етуін және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалуына баса назар аудару керектігін атап көрсетті.
Семинар барысында сайлау участогінің мүшелері өз ойларын айтып, сайлау процесіндегі кездесетін сұрақтарын қойып,тиісті жауаптарын алды.