
Жыл сайын өзендерде, көлдерде, су қоймаларында адамдар мұздың астына кетіп жатады. Пәлеге балықшылар да, мұздың үстінде ойнайын деген балалар да, және жолды қысқартқысы келген жай ғана жаяу жүрушілер.
Әрине мұздың үстінен мүлдем жүрмеген дұрыс. Ал егер сіздер жүруге бел бусаңыз, онда қауіпсіздіктің мына негізгі ережелерін есте сақтаңыздар :
Мұздан өтер алдында оның беріктігіне көзіңізді жеткізіңіз. Мұздың беріктігі жаяу жүріспен тексеріледі. Берік мұз 2-3 соққыдан кейін жарылады.
Мұздың үстінен топпен жүрген кезде бір-біріне 5-6 метр қашықтықта жүру қажет.
Ең алдымен салмағы жеңіл адамды, құтқару құралды киіндіріп жіберу қажет (мысалы, құтқару жилетін).
Егер сіздер балық аулуға шықсаңыз, онда келесі талаптарды сақтау қажет:
Егер сіздер мұздың астына түсіп кетсеңіз, абыржымаңыз, қорықпаңыз, қолдарыңызды әр жаққа жайыңыз, бұл тәсіл бет жағында ұсталынып қалуға мүмкіндік береді. Көмек сұрап айқайлаңыз. Есіңізде болсын, киім мен сіздің денеңіздің арасындағы ауа бір шама уақыт сізді ұстап тұрады. Мұздың қырына арқаңызбен тіреліңіз, қарама-қарсы мұздың қырына оң жақ аяғыныңбен тіреліңіз, сол жақ аяқты күшпен мұзға аударыңыз.
Мұзға шыққаннан кейін келген жағыңызға еңбектеңіз.
Аягөз ауданының ТЖБ