
Аягөз қаласында Жастар орталығының конференция залында Дүниежүзілік сайлау күні орай «Әр дауыс маңызды » тақырыбында жас мамандармен аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде атап өтіледі. Биылғы мереке 6-ші ақпанға сәйкес келіп отыр.
«Бұл күн азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге және сайлау процестерін жетілдіру проблемасына жұртшылық назарын аудару үшін арналған. Сол сияқты әлемдік демократия процесін нығайтуға, сайлау туралы түсінікті кеңейтуге және сайлаушылардың дауыс беруге қызығушылығын арттыруға бағытталған»-деді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Оразбек Мұнымен қоса аудандағы өткен былтырғы жылғы сайлау науқанына кеңінен тоқталып , толық мағлұмат беріп өтті.
Дөңгелек үстолдың мақсаты Қазақстан Республикасының сайлау құқығын насихаттау,жастар арасында демократиялық құндылықтарға деген адалдықты қалыптастыру,сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы хабардар ету,саяси және құқықтық сауаттылықты,. сайлау процестерін жетілдіру проблемасына жұртшылық назарын аудару деп атап көрсетті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Абдреев.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, сайлау процесін ұйымдастыру саласындағы және сайлау процесіндегі сұрақтарын қойып,тиісті жауаптарын алды