Жастар және сайлау. Болашаққа жауапкершілік

Жастар және сайлау. Болашаққа жауапкершілік

Аягөз қаласында Д Бабатай атындағы орта мектебінде  Дүниежүзілік сайлау күні орай  «Жастар және сайлау. Болашаққа жауапкершілік» тақырыбында 10-11оқушыларымен  кездесу өткізіліп, кездесуге аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

          Кездесу барысында Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл күнді атап өту дәстүрі 2005 жылы Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының (ЕЕСҰҚ) бастамасымен басталды және оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған, Дүниежүзілік сайлау күнін бүкіл ел атап өтеді.Биылғы мереке 6-шы ақпанға сәйкес келіп отыр.   Бүгінгі кездесудің мақсаты білім алушылар арасында Қазақстан Республикасының сайлау құқығын насихаттау,сайлаушылар оның ішінде жастар арасында демократиялық құндылықтарға деген адалдықты қалыптастыру,сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы хабардар ету,саяси және құқықтық сауаттылықты жетілдіру. сайлау процестерін жетілдіру проблемасына жұртшылық назарын аудару деп атап көрсетті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Оразбек.

         Келесі сөз алған аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Абдреві Жастарды  сайлау жүйесіндегі белсенділігін арттыру және  билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік тудырып, ал өзін-өзі ұсыну тетігінің енгізілуі де депутат, әкім болуға ынтасы бар жас азаматтарға үлкен жол ашылды

         Мектеп оқушылары мен студенттерге,жастарға сайлау мәдениетін сіңіру, олардың демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру бағытында  елдегі сайлау жүйесінің орнықты әрі үйлесімді дамуының көрінісі екенін атап көрсетті.

Кездесу барысында оқушылар өз ойларын айтып, сайлау процесіндегі түсінбеген сұрақтарын сұрақтарын қойып,тиісті жауаптарын алды.