
Аягөз қаласында политехникалық колледждің студентерімен Дүниежүзілік сайлау күні орай «Сенің сайлау құқығың» тақырыбында кездесу өткізіліп Іс-шараға аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында аудандық сайлау комиссясының төрағасы Е.Оразбек Дүниежүзілік сайлау күні ақпанның алғашқы бейсенбісінде атап өтілетінін, «Бұл күн азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге және сайлау процестерін жетілдіру проблемасына жұртшылық назарын аудару үшін , сол сияқты әлемдік демократия процесін нығайтуға, сайлау туралы түсінікті кеңейтуге және сайлаушылардың дауыс беруге қызығушылығын арттыруға бағытталған», - дей отырып,жастардың сайлау науқанында сайлауқұқықтарын білуі жөнінде мәселерге кеңінен тоқталып өтті.
Келесі сөз алған аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Абдрев аралас сайлау жүйесін енгізу өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік тудырып, ал өзін-өзі ұсыну тетігінің енгізілуі де депутат, әкім болуға ынтасы бар азаматтарға үлкен жол ашқанын айта келе.Әрбір жас сайлау құқыңын біліп ғана қоймай белсенділік таныту керектігін,
Келешек ұрпақ – жас сайлаушылар. Мектеп оқушылары мен студенттерге сайлау мәдениетін сіңіру, олардың демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру бағытында елдегі сайлау жүйесінің орнықты әрі үйлесімді дамуының көрінісі екенін және атап көрсетті.
Кездесу барысында қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, сайлау процесіндегі толғандырған сұрақтарын қойып,тұжырымды жауаптар алды.