Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауына байланысты сайлау процесінің құқықтық негіздері және комиссияның жұмысын ұйымдастыру семинары

Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауына байланысты сайлау процесінің құқықтық негіздері және комиссияның жұмысын ұйымдастыру семинары

Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссияның мүшелері Ақшатау ауылдық округіне қарасты №234 сайлау учаскелерінің комиссия мүшелеріне «Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауына байланысты сайлау процесінің құқықтық негіздері және комиссияның жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар ұйымдастырды. Семинар барысында А.Атабекова қатысушыларды сайлау заңнамасындағы өзгерістермен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру шарттарымен, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктерімен, аумақтық сай­лау комиссияларының және же­р­гілікті атқарушы орган­дар­дың мүмкіндіктері шек­теулі аза­мат­тардың құқықтарын қам­­­­тамасыз ету жөніндегі мін­дет­терімен та­ныстырды. Оған қоса сайлау комиссиясының хатшысы К.Абдреев сайлау ко­миссияларының дайын­дық кезеңіндегі, сондай-ақ ті­ке­лей дауыс беру күнгі қыз­мет мәселелеріне нақты тоқ­та­лып, әсіресе ауыл әкімі сай­лауын­дағы учаскелік сайлау комис­сияларының қорытынды хаттаманы дұрыс толтыру мәсе­лесін пысықталып, сайлау заңнамасының негіздері және оны қолдану тәжірибесі, комиссия мүшелері үшін негізгі ақпараттық түсініктемелер берді.