
2024 жылдың 15 қарашасында сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Аягөз ауданының әкімдігі ғимаратында (Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай көшесі, 14.) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Қызмет алушылар күні» өтетінін хабарлаймыз. Осы жоба аясында мемлекеттік қызметтерге жауапты дербес бөлімдердің мамандары халықты қабылдап, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіреді, кеңес береді және көтерілген мәселелер бойынша шешімдер ұсынады.
Жобаның негізгі мақсаты – халыққа мемлекеттік және басқа да қызметтерді алуға байланысты мәселелерді шешуді түсіндіру және көмек көрсету.
Қатысуға шақырамыз!