ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 18- 20 күні ұлттық өнер мен спорт түрі - садақ ату өнерін дәріптеу мақсатында садақ атудан Аягөз ауданы әкімінің жүлдесіне орай «Ер - Еспенбет» Адақ батыр атындағы облысаралық турнир өтті.
Турнир “Алаш” дәстүрлі садақ ату федерациясы, «Мерген» дәстүрлі садақ ату клубы, Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
⚡️Сайыс үш түрлі нысана негізінде өткізілді. Олар Пута, Қалқан, және Жамбы нысаналары.Турнирде 70 - тен астам мерген бақ сынасты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
📌Турнирдің негізгі мақсаты - дәстүрлі садақ атуды дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыру.