
Семинар барысында Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері мен комерциялық емес ұйымдардан жіберілген байқаушылардың құқықтары мен міндеттері, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері айтылып, әділетті сайлау үшін тәуелсіз байқаушылардың рөлі зор екені аталып өтті.Олар сайлау процесін әділетті түрде байқап отырады. Себебі, тәуелсіз байқаушылардың басты міндеті – сайлаудың әділ және таза өтуін бақылау. Олар сайлаудың қорытындыларына бейтарап көзбен қарап, нәтижесіне мүдделі болмауы тиіс. Олар үшін басты принцип - сайлауды обьективті түрде бағалау екендігі түсіндірілді.Семинардың мақсаты туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Оразбек сайлау заңнамасының негіздері және оны қолдану тәжірибесі, байқаушы үшін негізгі ақпараттық түсініктемелер берді.