
Кездесу барысында ауылдық округ әкімінің есебі тыңдалды.
Тұрғындар тарапынан жергілікті ауылдық округке қарасты каналды және кіреберіс жолдарды жөндеу, Өркен ауылдық округінің 50 жылдығына орай мерекелік іс - шара ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, дала өртінің алдын - алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өркен ауылдық округіндегі мектеп асханасында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.