
Аягөз ауданы әкімі 23 тамыз күні Мәдениет ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауылды абаттандыру, мал сою алаңын ашу, ауылшаруашылық жерлерін реттеу, Қарағанды-Боғаз тасжолын жөндеу, жұмыспен қамтылу, баспана алу, атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, білім беру мекемесінің және ауылдық округ амбулаториясының жағдайымен танысты.