Абай облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы қайдан біле алады?

Абай облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы қайдан біле алады?

6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Абай облысы бойынша  «109»  бірыңғай нөмірі бар Call – орталық іске қосылды және референдумда дауыс беруге арналған өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.

Барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call – орталықтың демалыс күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істейді.

Telegram-bot арқылы сайлаушылар тізімінде өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін қызмет қолжетімді (https://t.me/vote_abai_bot) Бұл  қызметті пайдалану үшін Telegram арнасында аккаунт қажет.

Сондай-ақ, Аягөз ауданы әкімшілігінде 8-72237-3-03-69 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейді. Жұмыс уақыты - демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.