
№241 сайлау учаскесінің комиссия мүшелерімен сайлау құқығы принциптері мен сайлау комиссияларының қызметі мен қызметінің жариялығы,комиссия мүшелерінің мәртебесі, сенімді өкілдер мен бақылаушылардың құқы мен міндеттері туралы талқыланды.
Семинар-кеңестің басты мақсаты сайлауды барынша ашық, әділ, Заңды өткізу әрбір сайлау комиссия мүшелерінің міндеті екені түсіндірілді. Комиссия мүшелері өздерінің жұмыс барысында толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өз-ара пікір алмасты.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы семинар-кеңесті қорытындылай келе, Саяси науқанда ҚР Сайлау туралы Конституциялық Заңын басшылыққа алып,сайлаудың құқық принциптерін сақтай отырып ашық өтуіне басты назар аудару керектігін еске салды.