
«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында Абай облысында білім беру мекемелерінің ауқымды құрылысы басталды.
⏩ 5700 оқушы орнына есептелген 11 мектепті салу жоспарланып отыр. 2023 жылдың өзінде бес мектептің құрылысы басталды: біреуі қыркүйекте, екіншісі қазан айында ашылады, ал қалған үшеуі 2024 жылдың соңына дейін дайын болады.
➡️Келесі жылы да тағы алты мектептің құрылысы басталады.
▶️Абай облысының білім басқармасының мәліметі бойынша, даму жоспарына жаңа мектептер ғана емес, бұрыннан бар оқу орындарын кеңейту де енгізілген.
🪝Құрылыс басқармасы облыстағы мектептерді 2200 орынмен толықтыратын алты қосымша құрылыстың құжаттамасын әзірледі.
🪜 Құрылыс жұмыстары екі жоба бойынша басталып, барлық қажетті сараптама қорытындылары алынды. Тағы екеуі сараптамадан өту сатысында.
🏬 Шағын жинақты мектептер де назардан тыс қалмады. 510 орынға есептелген осындай алты мектеп бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы алынды.
📉 Жобаларды қаржыландыру Абай облысының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан жүзеге асырылады.
📊 Семей қаласының Заря ықшамауданында 1200 оқушыға арналған орта мектептің құрылысын бастаған KAZ Minerals компаниясының жобасы маңызды болмақ.
🗒️Мектеп 2024 жылдың қыркүйегінде оқушыларға есігін айқара ашады деп күтілуде және бүгінгі күні нысан 90% дайын.