
Аягөз ауданы әкімдігі Аягөз ауданындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй сертификаттарын беруге құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
Тұрғын үй сертификаттарын беру ережелерінің талаптарына сәйкес, тұрғын үй сертификатын алуға келесі кезектегі санаттар өтініш бере алады - көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
2020 жылға 1 миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек түрінде (қайтарымсыз және тегін) тұрғын үй сертификаттарын ұсыну қарастырылған.
Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылында заңнамада белгіленгендей ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген шамасынан аспайтын (2020 жылы – 62366 теңге), соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы болған жағдайда беріледі.
Тұрғын үй сертификатын алу үшін мынадай құжаттар қажет:
нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түп нұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
соңғы 6 (алты) ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы «Қазақстанның турғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның хаты.
Құжаттар «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй сертификаты бағдарламасының әкімшісіне мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Аягөз ауданы, Б.Абая көшесі 47 б, 9 бөлме (2 қабат).
Карантин мерзіміне байланысты 01 шілдеден азаматтарды қабылдау қатаң түрде тек белгіленген уақытта қабылданады: жұмыс күндері 10.00-ден 16.00-га дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.