
«Республикалық референдум өткізу кезінде сайлау процесінің және сайлау комиссиялары жұмысының ұйымдарының құқықтық негіздері»
2024 жылғы 25 маусым күні Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аягөз қаласындағы жас мамандар арасында «Республикалық референдум өткізу кезінде сайлау сайлау процесінің және сайлау комиссиялары жұмысының ұйымдарының құқықтық негіздері»тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қаланың белсенді жастары мен колледж студентері қатысты.
Семинарда аудандық сайлау комиссия мүшелері Республикалық референдум өткізу кезінде сайлау процесінің және комиссияларының жұмысындағы құқықтық негіздеріне кеңінен тоқталып, Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ өзін-өзі басқару органдарымен сайлау комиссияларымен сайлауды дайындау және өткізу және сайлау алдындағы үгітті жүргізу жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірілді.