«Судағы қауіпсіздік»

«Судағы қауіпсіздік»

Аягөз ауданының  ТЖ бөлімі және Аягоз ауданының АПБ,  «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында Аягөз қаласы  Аягөз өзені бойында халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстары барысында суға түсуге тыйым салынған аумақтарда тұрғындардың суға түспеуі, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан қайғылы оқиғалар орын алады.

Сонымен қатар  балаларды суға түсу кезінде қараусыз қалдыру, суға мас күйінде түсу кезінде қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады. Осындай оқиғалардың орын алмас үшін, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

 

Судағы қауіпсіздік ережелері:

- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.    

 - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.    

 - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.    

  - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.    

 - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.  

   - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.

 

Аягөз аудынынң ТЖБ