"1 Маусым Балаларды Қорғау күні" және жеке кәсіпкер Қ.Сапақовтың жүлдесіне арналған 6-7 сынып қыздары арасындағы шағын футбол жарысы

"1 Маусым Балаларды Қорғау күні" және жеке кәсіпкер Қ.Сапақовтың жүлдесіне арналған 6-7 сынып қыздары арасындағы шағын футбол жарысы

1 маусым күні Мамырсу ауылдық округіндегі көпфункционалды жасанды жабдықталған жасыл алаңда "1 Маусым Балаларды Қорғау күні"және жеке кәсіпкер Қ.Сапақовтың жүлдесіне арналған 6-7 сынып қыздары арасындағы шағын футбол жарысы өтті. Ашылу салтанатында Аягөз аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаев және Қ.Сапаковтың ұлы Назар қатысушыларға  жарысқа сәттілік тілеп,Абай облысында өтетін жарыстарда Аягөз құрама командасы биіктерден көрінулеріне тілектес екендіктерін жеткізді.Жарыстың  төрешілері Е.Оралбеков,Д.Баймуканов,Е.Буланбаев  жарыстың өту тәртібімен таныстырды. Командалар 2 топқа бөлініп, бақтарын сынасты. Ақтық ойындарда жақсы ойын көрсетіп, І орынды № 1 орта мектебінің командасы, ІІ орынды  Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің командасы, ІІІ орынды Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінің командасы иеленді. "Үздік қақпашы болып, № 1 орта мектебі командасының ойыншысы Аманғалиева Айша,"Үздік қорғаушы болып,Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебі Берікқан Аружан , "Үздік шабуылшы" болып, К.Бозтаев атындағы гимназия командасының ойыншысы Серікова Айзере, жарыстың "Ең үздік ойыншысы" болып, № 1 орта мектебінің ойыншысы  Дюсембаева Бибинур, "Сұр мерген" атанған Орыншаихова Балжан,"Көрермендер көзайымы" болып, Қанат Анель болып танылды.

  Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер,жарыстың үздік ойыншылары білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және жарыстың демеушілері-Қ. Сапаковтың әулетінің арнайы медальдарымен, кубоктарымен,бағалы сыйлықтарымен мапапатталды.Салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбектеріңіз жана берсін, отбасыларыңыз аман болып, ауданымыздың экономикасын көтерудегі еңбектеріңіз алға баса берсін!