
2024 жылдың 30-31 мамыр аралығында Абай облысы білім басқармасының "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен "Аягөз ауданында спорттық туризмды дамытудың жолдары" атты облыстық семинар өткізілді. Семинар«1 Маусым Балаларды Қорғау күніне» және «Наурыз»сауда орталығының жүлдесіне арналған 7-8 класс оқушылары арасында спорттық туризм жарысы аясында өтті.Бұл семинарға түрткі болған «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі»КММ-ң дене шықтыру пәнінің мұғалім М. Ардашевтың спорттық туризмнан облыс, республика, Халықаралық жарыстарда көрсеткен жоғарғы көрсеткіштері. Мектепке кірген бетте спорттық туризм үйірмесінің оқушылары "Шеберлік сабақтарын" өткізу барысында,туризмге арналған құрал-жабдықтармен,туризмге арналған "Туризм бұрышымен" таныстырды.
Облыстық білім басқармасының "Дарын" орталығының спорт бөлімінің басшысы Р.Мурсалимов,бөлімнің мамандары А.Миронов,Г.Икрамбекова семинарға қатысты.
Облыстық "Дарын"орталығының спорт бөлімінің басшысы Р.Мурсалимов қатысушыларға сәттілік тіледі.№4 орта мектебінің ашылу салтанатындағы қойылымдары туристік ән,әсем билермен қатысушылардың көңілінен шықты.Мақсат Абдилхамитович ауданда спорттық туризмның қарқынды дамуын облыс көлемінде көрсетіп,әріптестерімен іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың екінші бөлімі Шұбартау трассасының 13 км жалғасын тапты.Практикалық бөлімнің ашылуын «№5 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-ң ұжымы ұйымдастырып, табиғат аясында концерттік бағдарламасын ұсынып,қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев, «Дарын»орталығының спорт бөлімінің басшысы Р.Мурсалимов,Н.Сапаков қатысушыларға семинардың,жарыстың ойдағыдай өтуіне тілектестіктерін білдірді.
Семинар алдында аудан құрама командасының намысын Халықаралық,Республикалық,облыстық жарыстарда қорғап, бірнеше мәрте жеңімпаз,жүлдегер атанған «№ 4 жалпы білім беретін аралас орта мектебі»КММ-ң «Оңтүстік қалашығы» командасы (Жетекшілері М.Ардашев,Е.Дүйсенғажыев) «Шеберлік сағатын өткізді.Спорттық кедергілерден өтудің қыр-сырларымен,командалардың қоныс-жай орналасуларымен таныстырды. Облыстық семинардың жоғары деңгейде өтуіне аудандық дене шынықтыру пәні қауымдастығының мүшелері, Жас техниктер станциясының ұжымы да көп еңбектерін сіңірді.
Осы орайда, ауданымыздың мақтанышы Қ.Сапаков туралы деректерді айта кетсек...
Сапақов Қыдырбек Серікұлы 1965 жылы 17 тамызда Семей облысы Аягөз қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Аяқталғаннан кейін ОМ 1982ж. Түсті авиатехникум азаматтық авиация. 1984 жылдан 1986 жылға дейін Аягөз қаласы әуежайының авиатехнигі болып жұмыс істеді. 1986-1987 жылдары Аягөз ШПФ токарь болып жұмыс істеді. 1987 жылы тері-мех техникумының сырттай бөліміне тауартанушы мамандығына оқуға түсті. 1987 жылдан Аягөз аудандық тұтынушылар одағында тауартанушы, экспедитор , сатушы болып жұмыс істеді. 2003 жылдан бастап жұбайы Розамен кәсіпкерлік қызметпен айналысты. "Наурыз" дүкені, "Ақерке" асханасы, құрылыс материалдары дүкені ашылды. 2017 жылы жаңа «Наурыз» сауда дүкені салынды және ашылды. 10% - дан аспайтын үстеме бағасы бар тауарларды сата отырып, азық-түлік, жемшөп және басқаларды сатады, ауданның экономикалық тұрақтылығына өз үлестерін қосуда. Мүгедектерге және басқа да мұқтаж әлеуметтік топтарға үнемі көмек көрсетеді. Әр түрлі спорттық жарыстарға баратын спортшыларға көмек көрсетеді. Жыл сайын өз есебінен аудан мектептері арасында спорттық туризм және қыздар арасында шағын футболдан жарыс өткізеді.Облыстық жарыстарға баруға көмек жасады.Бірнеше рет қала, аудан әкімдерінің және облыстық спорт комитетінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!
Жарысқа оралсақ:
Соңғы жылдары жарыс ережесіне өзгерістер енгізіліп, облыстық жарыстардағы өткізілетін түрлерінен тұратын болды.
Туристік кедергілерден өту, спорттық бағдарлау, жіп байлау сияқты түрлерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Қалған түрлері оқушылардың туризмға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізіліп, «Ең үздік өнер көрсеткен» командалар мақтау қағаздармен,бағылы сыйлықтармен, «Үздік өнер көрсеткен» деген марапат қағаздарымен,бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Негізі туристік кедергілерден өту, спорттық бағдарлау, жіп байлау сияқты түрлері бойынша жақсы дайындықпен келген «Қалалық қазақ мектеп лицейі» КММ-ң командасы І орынды, ІІ орынды «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі»КММ-ң командасы иеленсе,ІІІ орынды «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- ң командасы иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Аягөз аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, демеуші Қ.Сапаковтың отбасының кубоктарымен, мақтау қағаздарымен,медальдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Семинарға қатысушылар,іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестеріміз арнайы сертификаттармен марапатталды