Онлайн сауда – дүкендерінде сатып алу кезінде өзіңізді қалай қорғауға болатынын білесіз бе?

Онлайн сауда – дүкендерінде сатып алу кезінде өзіңізді қалай қорғауға болатынын білесіз бе?

Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне онлайн сауда дүкендері  арқылы тауарларды сатып алу және қызметтерге тапсырыс беру кезінде тұтынушылардың құқықтары сақталмауына байланысты тұтынушылардан мерзімде түрде өтініштер түсіп тұрады. Өтініштердің көпшілігі тауарды онлайн сауда дүкінен тапсырыс арқылы сатып алған кезінде тұтынушылар алданып ақшасын қайтарып алуға қатысты.

         Онлайн сауда дүкенінен сатып алудан бұрын, сізге көп білмейтін дүкендер туралы тұтынушылардың пікірлерін мұқият оқып шығуыңызды ұсынамыз. Онлайн сауда дүкені туралы мәліметті мүмкіндігінше көбірек білуге тырысыңыз.

         Тек, басқа сатып алушылардың (бұрын сатып алған) пікірлерінің арқасында Сіз дүкеннің барлық оң және теріс жақтарын аңықтай аласыз.         Сонымен қатар, бұл жерде тапсырыс беру керек пе немесе басқа онлайн сауда дүкенін таңдаған дұрыс па. Күмәнді төлем әдістері бар дүкендерге дереу сенім артуды ұсынбаймыз (үйге жеткізу және жеткізу кезінде төлемді немесе жеткізілім кезінде қолма-қол    ақша таңдау). Дүкен менеджерімен сөйлесу кезінде көбірек сұрақтар қоюға тырысыңыз, сонымен қатар телефонның екінші жағында тұрған адамның қаншалықты сыпайы, қайырымды және сауатты екеніне назар аударыңыз.

         Жалған онлайн сауда дүкендерінің алдау арқылы оңай жолмен ақша табу схемалары кәзір белсенді қолданылатыңдығын ұмытпаңыз. Аванстық төлемді алып, олар сөзбе сөз келгенде ауада болып шығады: сол себепті тауарды жеткізіп бермейді, қоңыраулар мен хаттарға жауап бермейді, ақша қайтармайды.

         Алдау схемасы қарапайым – өңірлік желілердің дүкендерінің көшірмелері жасалады және сол өлшемді арзан бағамен ұсынады, ал ақшаны алғаннан кейін олар бірден жоғалады. Бағасына назар аударыңыз.

 

Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті