
2024 жылғы 23 мамыр күні Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аягөз қаласындағы учаскелік сайлау комиссияларының қатысумен Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинарға учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Семинарда Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру және байқаушылармен жұмыс, сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу және сайлау учаскелерін жарақтандыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ сайлау күні алгоритмі және сайлау алдындағы үгіттің ерекше екендігі түсіндірілді.
Семинар барысында Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы баяндама жасады.Әсіресе сайлау кампанияларында Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуының маңыздылығына ерекше тоқталды.
Семинарда аудандық учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты толық жауап берді.