Облыстық "Айбын" әскери-спорттық жарыс

Облыстық "Айбын" әскери-спорттық жарыс

Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша 2024 жылдың 16-18 мамыр  аралығында облыстық білім басқарамысының "Дарын"орталығының ұйымдастыруымен  облыстық "Айбын 2024" әскери-патриоттық жиыны өткізілді. Жарысқа Абай облысының барлық қала,аудандарының командалары қатысты.Музыкалық байқау,робототехникалар байқауы және белтемірде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, 3000 м жүгіру (ұлдар), 1000 м жүгіру (қыздар), әскерилендірілген эстафета, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату және АК-74 бөлшектеу және жинақтау бойынша әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыста үздіктер анықталды.
Жарыс қорытындысының жалпы командалық есебі бойынша құрамында: Жумағазинов Жандос,Айдарұлы Алишер,Дюсембеков Ерзат,Айбекова Аяулым,Иливханова Сабина (барлығы #6орта мектебі),Айнажаров Әділет(#7 орта мектебі),Даутбеков Руслан (С.Ғаббасов ат.орта мектебі)Аягөз ауданының құрама командасы жүлделі 2 орын иеленді.  АК-74 автоматын шашып жинаудан командалық 2 орын,әскериленген эстафетадан 3 орын,3000 м жүгіруден 1 орын, кермеге тартылудан 2 орын,бейнеролик аталымы бойынша 2 орын иеленсе,жекелей сындарда да оқушыларымыз жақсы өнер көрсетті.Жумағазинов Жандос кермеде тартылудан 1 орын,3000 м жүгіруден 3 орын,Айнажаров Әділет 2 орын,АК-74 автоматын шашып жинаудан Дюсембеков Ерзат 3 орын,3000 м жүгіруден Даутбеков Руслан 2 орын иеленді. Р.Бейсеков пен Н.Нуржауовтың үлкен еңбектерінің арқасында командамыз жүлделі орыннан көріне білді.
Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының  грамоталарымен, медальдарымен және командалық кубоктармен марапатталды. Жетекшілерін және оқушыларымызды құттықтаймыз!