5 күндік дала жиыны

5 күндік дала жиыны

Аягөз  ауданында 5 күндік дала жиыны  аудандық  білім  бөлімінің және  қорғаныстар  істері  жөніндегі біріктірілген  бөлімдерінің ұйымдастыруларымен 2024жыл 13-17 мамыр аралығында  Аягөз  қаласындағы  әскери  бөлімдерде  өткізілді. Осы далалық оқу жаттығу жиынында әскери жетекшілерге қосымша, дене тәрбиесінің пән мұғалімдері қоса жіберіліп, қауіпсіздік ережелері қатаң сақталды.
Оқушылардың қауіпсіздігі және іс-шаралардың өткізілуі әр мектептің директорларына және әскери жетекшілеріне жүктелді.  Іс-әрекеттер ,іс-шаралар Қазақстан Республикасының ҚК Жарғылырының талабына сай бекітілген күн тәртібі мен сабақ кестесіне сәйкес ұйымдастырылды.Оқушылар  спорттық жарыстарға  да  қатысты. Әскери  казармаларды,  асхананы, әскери  техникалармен  танысу тағы  да  басқа  іс – шаралар  өткізіліп,оқушылар  практикалық  түрде дәріс алды. 5 күндік дала жиыны 10810 ,10181, 97616 әскери бөлімдерінің,әскери полиция базаларында  өткізілді.Дала жиынына 240 ұл қатысты.

Жиынның 1-ші  күні 10810 әскери бөлімінің оркестр бастығы Есимханов Дулат Бейсетаевич басқарған оркестр болашақ  Отан  қорғаушыларды тосып алып, 10810 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері лейтенант Даутов Даулет Асхатович,10810 әскери бөлім командирінің тәбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Кашкынбаев Бахыт Елкелдиевич  оқушыларды  салтанатты  ашылуында ақ  тілектерін  білдіріп, жоспардағыдай әскери бөлімнің өмір-тіршілігімен таныстырды.

2-ші  күні 10181 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Кошкаров Ержан Ермаханович ұйымдастырған патриоттық тәрбие  берудегі  маңызы  зор  іс-шаралар оқушылардың  көңілінен  шықты.Әскери патриоттық әндерімен  сержант Рысбаев Мақсат және мерзімді қатардағы жауынгер Жанат Ғалым Азаматұлы шағын концерттік бағдарлама көрсетті. Сарбаздар қоян-қолтық ұрыстың  қыр  сырымен  таныстырып,практика  жүзінде жақсы  көрсете  білді. Ат  салысқан  сарбаздарды  айтсақ:

Қоян қолтық ұрысының нқсқаушысы взвод сержанты аға сержант Жумашев Жанасыл Сәбитұлы
АК -74 автоматын шашып жинау нұсқаушысы взвод сержанты сержант Тоқсейтов.Элнур
АК -74 автоматын шашып жинау бөлімше командирі нұсқаушысы сержант Турсынов.Ербол.Ержанұлы
АК -74 автоматын шашып жинау нұсқаушысы бөлімше взвод сержанты аға сержант Рахатов Ақжол Рахатұлы
АК -74 автоматын шашып жинау нұсқаушысы бөлімше командирі сержант
Ұиысбеков Дәурен
АК -74 автоматын шашып жинау нұсқаушысы бөлімше командирі сержант Төлеуханов Нұрасыл Алмасұлы

3 жаттығу оқу орын жетекшісі дене тәрбиесінің бастығы капитан Тасболатов Икрам
3 жаттығу нұсқаушысы взвод сержанты аға сержант Жұмашев Жанасыл Сәбитұлы

Аягөз гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери полиция бөлімшесінің бастығы капитан Досанов Қуаныш Досанұлы оқушыларды  әскери полиция бөлімінде оқушыларға өткізілетін  іс-шаралармен, жоспармен  таныстырды. Аға лейтенант Торебаев Айдос Жаканбаевич алдын алу бөлімшесі бастығының міндетін уақытша атқарушы, қатардағы Жардемова Арайлым Болатовна статистика бөлімшесінің аға маманы, бөлім бастығының орынбасары-штаб бастығы подполковник Доғалов Асхат Жанатович  оқушыларға  бөлімнің қызметімен,киім үлгілерімен, кинологтардың жұмысымен таныстырды.Оқушылар керекті мағлұматтар алды. Спорттық  іс-шараларда  жоғарғы  көрсеткіш көрсеткен оқушылар  әскери бөлімдердің мақтау  қағаздарымен, жетекшілер іс –шараға белсене  қатысқандары  үшін мақтау  қағаздарымен  марапатталды. Соңғы күні   қорғаныстар  істері  жөніндегі біріктірілген  бөлімінің ғимаратында  бөлім  атынан белсенді  қатысқан  АӘТД пәнінің  жетекшілеріне  алғыс  хаттар  табысталды.

Дала жиыны оқушыларға әскери қызметтің маңызы, патриоттық сезімдерінің қалыптасуына үлкен әсер етті.Осы іс – шараны өткізуге ат салысқан 10810,10181 және 97616 әскери бөлімдерінің ,әскери полиция  басшыларына айтар алғысымыз шексіз.