Аудандық жасөспірімдер арасындағы жекелей шахмат жарысы

Аудандық жасөспірімдер арасындағы жекелей шахмат жарысы

2024 жылдың 27-28  сәуір аралығында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді  дамыту және спорт және аудандық білім  бөлімдерінің ұйымдастыруларымен жасөспірімдер арасында аудандық  жекелей шахмат жарысы «№ 9 бастауыш аралас мектебі» КММ-де өткізілді.

 Мақсаты: Оқушылар арасында шахмат ойынын дәріптеу,оқушылар арасында достықты нығайту;

    Жарысты жоғарғы дәрежеде өткізуге төрешілер Ф.Усманов, Б.Семинарұлы ат  салысты.8-10 жас,10-14 жас ,14 -тен жоғары жастағы жасөспірімдер арасында өткізілген дода жоғарғы дәрежеде өткізілді. Жиыны 100 -ге жуық оқушылар қатысқан жарыс тартысты өтіп,мықтының мықтысын айт демекші,жақсы ойын көрсеткен ойыншылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
     Барлық жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер ішкі саясат, мәдениет, тілдерді  дамыту және спорт бөлімінің арнайы медальдарымен,мақтау  қағаздарымен марапатталды.