
ҚР мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау процесінің құқықтық негіздері, сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тақырыбында учаскелік комиссия мүшелерімен кездесу өткізілді. №204 және №205 сайлау учаскелерінің комиссия мүшелерімен сайлау құқығы принциптері мен сайлау комиссияларының қызметі мен қызметінің жариялығы,комиссия мүшелерінің мәртебесі, бақылаушылар мен сенімді өкілдердің құқы мен міндеттері туралы талқыланды.
Отырыс барысында басты мақсат сайлауды ашық, әділ, Заңды құқықты негізде өткізіп, әрбір сайлау комиссия мүшелерінің міндеті екені түсіндірілді.Округтік сайлау комиссияларына сайлау күнгі есептерін өткізу, бюллетеньдерді жеткізу бойынша қосымша мағлұмат берілді. Отырыста комиссия мүшелері науқан барысында кездесетін түрлі жағдайларға байланысты сұрақтарын қойып, тұжырымды жауап алды.
Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері кездесуде Саяси науқанда сайлау Заңын басшылыққа алып,сайлаудың құқық принциптерін сақтай отырып ашық өтуіне басты назар аудару керек - деп, кездесуді қорытындылады.