Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау және сайлау процесінің құқықтық негіздері, сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру

Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау және сайлау процесінің құқықтық негіздері, сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру

Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау және сайлау процесінің құқықтық негіздері, сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тақырыбында Өркен ауылдық округінің комиссия мүшелерімен кездесу өткізілді. №240 сайлау учаскесінің комиссия мүшелерімен сайлау құқығы принциптері мен сайлау комиссияларының қызметі мен қызметінің жариялығы,комиссия мүшелерінің мәртебесі, сенімді өкілдердің құқы мен міндеттері туралы талқыланды.

Кездесу барысында басты мақсат сайлауды барынша ашық ,айқын әділ,Заңды құқықты негізде өткізу әрбір сайлау комиссия мүшелерінің міндеті екені жетік түсіндірілді. Отырыста комиссия мүшелері өздерінің жұмыс барысында толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, өз-ара пікір алмасты.

 Аудандық сайлау комиссиясының мүшелері кездесуде Саяси науқанда сайлау Заңын басшылыққа алып,сайлаудың құқық принциптерін сақтай отырып ашық өтуіне басты назар аудару керек - деп, кездесуді  қорытындылады.