
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты жаңадан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы сайлау учаскелердегі сайлаушылар санына байланысты аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен белгіленген.
Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2020 жылғы 20 маусымнан 8 шілдеге дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары Аягөз ауданы әкімінің сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2020 жылғы 8 шілдеге дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Аягөз аудандық мәслихаты
Ысқақов Сеилбек Абиұрұлы – Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы.
Мәслихаттың тұрған орны: Аягөз қаласы, Б.Момышұлы көшесі,62.
Жауапты тұлға – Оразғалиев Нұрғазы Ерғазыұлы, қалааралық телефон коды (872237), 3-17-25, 8-775-398-92-08, факс 3-03-83, электрондық пошта мекен-жайы maslihat_ur@mail.ru
Аудандық мәслихат жаңадан құрылған 5 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
|
№ р/б |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссия сы мүшелері нің саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары - 5 |
|||
|
1. |
№ 1175 учаскелік сайлау комиссиясы |
Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі № 104/1, «Аудандық орталық кітапхана» |
9 |
|
2. |
№ 1176 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ақтүбек елді мекені, «Ақтүбек шағын комплектілі бастауыш мектебі» |
5 |
|
3. |
№ 1177 учаскелік сайлау комиссиясы |
Аягөз қаласы, Рахимова көшесі № 1 , «Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасы» |
5 |
|
4. |
№ 1178 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ақтоғай кенті, Ақтоғай тау кен байыту комбинаты |
5 |
|
5. |
№ 1179 учаскелік сайлау комиссиясы |
Ақтоғай кенті, Ақтоғай тау кен байыту комбинаты |
5 |
Аягөз аудандық мәслихаты