Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына теориялық емтиханды №3 ХҚКО қабылдайды

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына теориялық емтиханды №3 ХҚКО қабылдайды

18 наурыздан бастап «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметі бойынша теориялық емтихан Папанин к-сі 34А мекенжайы бойынша қабылданады. Естеріңізге сала кетсек, бұрын теориялық емтиханды Момышұлы көш. 22 мекенжайы бойынша қабылдайтын.

         Өтініш беру үшін  қызмет алушының өзімен бірге келесі құжаттары болуы шарт:

- Кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы Диплом немесе шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды аяқтағаны туралы куәлік (анықтама);

- №073 нысан бойынша Медициналық анықтама;

- 2,5 x 3,5 см екі фотосурет;

- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

         Емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде  қызмет алушыға құжаттың дайындығы туралы SMS-хабарлама келеді. Дайын құжатты ХҚКО - дан алуға болады.