Барлық электрқондырғылары өртке және жануға әкеліп соғатын қысқа тұйықталудан және басқа да дұрыс емес режимнен сақтайтын аппараттармен қорғалуы қажет. Сақтандырғыштардың балқыма қоспаларының нақты тогы таңбада көрсетіліп, калибрленген болуы қажет (таңбаны дайындаушы-зауыт немесе электр-техникалық зертхана қояды).
Сымдар мен кабельдерді жалғау, тармақтау және түйіндеу жұмыстарын өртке қатысты қауіпті ескере отырып, дәнекерлеу көмегімен жүргізу қажет.
Электр тасымалдаудың (оның ішінде уақытша және салынған кабельмен) ауа жолдарын жанғыш жабынның, шатырдың, сондай-ақ жанғыш заттар, материал мен бұйымдар сақтайтын ашық қойманың (қатарлар, маялар) астымен пайдалануға және орнатуға тыйым салынады.
Электр қондырғыларын пайдалану кезінде тиым салынатыны:
- Бұзылған розеткаларды, ажыратқыштарды, басқа да электр қондырғыш бұйымдарды пайдалануға;
- Стандартқа сай келмейтін (қолдан жасалған) электр жылытқыштарды қолдануға, қысқа тұйықталу мен артық салмақтан қорғайтын қолдан жасалған аппараттарды пайдалануға;
- Электр шамдары мен шырақтарды қағазбен, матамен немесе басқа да жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ құрылымда қарастырылған шырақтарды қалпақсыз пайдалануға;
- Өрт қауіпін болдырмайтын жанбайтын жылу оқшаулағыш материалдан жасалған тіреуі мен жылу қорғағыш қондырғысы жоқ электр үтіктерін, плиталарын, шәйнектері мен басқа да жылытқыш құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
- Құрылымда қарастырылған термореттегіші жоқ немесе жарамсыз электржылытқыш құралдарын пайдалануға;
- Электр жылытқыш құралдарын барлық жарылыс және өрт қаупі бар орындарда пайдалануға тыйым салынады.
Жылу беру жүйесіне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары:
Жылу беру маусымы басталар алдында пештер, басқа да жылу құралдары мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет.
- Пешті салу мен мұржаны орнатуды дәрежелі пеш салушы жүргізсін және де пеш салушының арнайы куәлігі болуы тиіс.
- Пештер жанбайтын заттардан салынған ішкі қабырғалар мен қалқандардың қастарына орналастырылсын.
- Әр пештің жеке бөлек түтін шығаратын мұржасы мен құбыры болсын.
- Пештің тік және көлденең құрылымдары жанатын құрылымдардан 50 см кем емес арақашықтықта жасалуы керек.
- Түтіннің желдету каналдарына шығып кетуіне жол берілмесін.
- Түтін шығаратын мұржаның биіктігі шатырдың төбесінен алған 50 см кем болмауы керек, шатырдың төбесімен мұржаға дейінгі ара қашықтық 1,5 м 3 м дейін болуы керек.
- Пештің отын салатын есігінің алдында көлемі 50*70 см қаңылтыр бет болуы керек.
- Түтін мұржасынан шатырдың ағаштарына дейінгі және шатырдың басқа бөлшектеріне дейінгі ара қашықтық 130 мм кем қаралмасын.
Жарамсыз пештер мен басқа жылу беру құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Пеш арқылы жылу беру кезінде:
- пеш алдындағы қаңылтырға жанғыш заттар мен материалдарды және жанармайларды орналастыруға;
- пештерді тұтандыру үшін бензин, керосин, дизельдік жағармайларды және басқа да тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
- пешке отынды, киімдерді және жанғыш заттар мен материалдарды кептіруге және қоюға;
- пешті шамадан тыс қыздыруға тыйым салынады.
Шатырдағы түтін каналдары өтетін түтін құбырларын және қабырғаларын әктеу қажет.
Аягөз ауданының ТЖБ- нің аға инженері
азаматтық қорғау майоры М.Т.Кажебаев