АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

2024 жылы 1 наурыз күні  Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында «Алғыс айту» күніне орай «Алғысым шексіз» атты танымдық дәріс өтті. Дәріске «Аягөз қалалық № 2 бөбекжай-балабақшасының» «Құлыншақ»  ересек тобы мен тәрбиешісі Абдулланова Салтанат Амиргалиқызы  қатысты. Іс-шараның басты мақсаты - «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген аталы сөзді алға тарта отырып, балаларға алғыс айту күнінің маңыздылығын ұғындыру, ізгілік пен ілтипаттылыққа баулу. Балабақша тәрбиеленушілері тақырыпқа сай өлеңдер оқып,  алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, балаларға музей қызметкерлерінің атынан тәттілер таратылды. Шара соңында музейдің экспозициялық залдарына шолу жасалды.

 

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің

Аягөз қаласындағы филиалы