
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 15 ақпан Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған асуында от кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешке № 1 жалпы орта білім беретін мектептің 6 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі К.Жолдыбаева қатысты. Ауған жерінде қиямет атыс пен шабысты көзімен көріп, ерлік туын жықпай, еліне аман-есен оралып, жастарға патриоттық тәрбие беруде батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаhармен жерлестеріміз Қасенов Төлеген Төлеубайұлы, Бейсеков Рымбек Төлеубайұлы соғыстағы бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кеш соңында қатысушылар музейдің "Жеңіске құрмет" атты экспозициялық бөлімін тамашалады.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы