
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында «Тарихы терең теміржол» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында оқушылар теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқарып жүрген жандардың, атап айтқанда Тоқсанғазиндар мен Тұяқовтар әулетінің еңбек жолымен, танысты. Музей экспозициясына қойылған әртүрлі уақыт аралығында қолданыста болған теміржол құралдары да оқушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Сондай-ақ, шежірелі Аягөз өңірінің арғы-бергі тарихында халықтың рухани-әлеуметтік жағдайының өсуіне, мәдениетінің дамуына, экономикасының өркендеуіне айрықша ықпал еткен Түркістан-Сібір теміржолының салынуы жайлы мәліметтер берілді.. Баршаға мәлім Түрксіб құрылысы 1927 жылдың сәуір айында Луговойда, Семейде екі жақты бастау алды...1928 жылдың 15 желтоқсанында барлығы 518 км. жол салынып құрылыс Аягөзге жеткен. «Даешь Туркестан» деген жазуы бар алғашқы поезды бүкіл Аягөз халқы қуана қарсы алған екен.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы