Әр дауыс маңызды

Әр дауыс маңызды

2 ақпан 2024 жылы «Әр дауыс маңызды» тақырыбында Рухани келісім орталығында жас мамандармен кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан азаматы ретінде өз таңдауын жасап, дауыс беру, саяси науқанында әр адамның дауысы өте маңызды екендігін түсіндіру.

Кездесу барысында еліміздің әрбір азаматы бұл саяси шараға қатысып, өз дауысын беруді мәртебелі іс деп санауы керек, өйткені ол сайлауға қатысып, өз дауысын беру арқылы ел келешегі мен жарқын болашағын айқындалатыны және халықтың саяси науқаннан өзгеріс, жаңашылдық күтіп отырғаны талқыланды. Дауыс беру – әрбір болашақты ойлайтын адамның азаматтық борышы екендігі айтылды.

 Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі К.Абдреев кездесуді қорытындылай келе, Саяси науқанда әр адамның дауысы маңызды. Сондықтан әрбір азамматты сайлауға белсене қатысып, бір кісідей жұмылуға шақырамын. Сайлауға қатысып, дауыс беру – әрбір азаматтың борышы. Осы түйінді жете түсінген аудан тұрғындары өздеріне қарасты дауыс беру орындарына барып, өз таңдауын жасауы, бұл сайлау халықтың бірлігін көрсетеді- деп, кездесуді аяқтады.