
1 ақпан 2024 жылы «Жастар және сайлау. Болашаққа жауапкершілік» тақырыбында Политехникалық колледж студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты жастарға сайлау құқығын түсіндіру, аудан жастарының арасында осы бағдарламаны жан-жақты талқылап, насихаттау жұмысын жүргізуде нақты шаралар қолдану болып табылады. Жастар Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Сабитовтың «Демократиялық сайлау құқының заманауи даму тарихы және тенденциясы» тақырыбында жасаған баяндамасын тыңдады.
Студенттер үшін сайлауға қатысу демократияны, патриоттықты, өзінің және өз елінің болашағы алдындағы жауапкершілікті көрсетудің бір үлгісі болып табылады. Енді жастар арасында электоралдық белсенділікті қалыптастыру және бекіту ғана қалып тұр.
Жастар белсенділікпен талқылап, оны халық арасында кеңінен үгіттеп жүзеге асыру үшін бар күштерін салып атсалысуға дайын екендіктерін ашық әңгіме барысында айтты.