Сайлау жүйесінің принциптері

Сайлау жүйесінің принциптері

2023 жылдың 31 қаңтар күні «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп - гимназиясы» КММ – де  Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Сайлау жүйесінің принциптері» тақырыбында 6-7 сыныптар арасында байқауы өткізілді. Дүниежүзілік сайлау күні халыктың, назарын азаматтардың сайлау кұқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процесін жетілдіру, өскелен, ұрпақты демократиялық құндылықтарды ұстануға тәрбиелеуге арналған. Осыған орай, мектепте Аудандық аумақтық сайлау коммисиясының хатшысы Абдреев Қанағат Советович оқушыларға сайлау ұғымы, құқығы, сайлау жүйесі және мемлекеттік билікті қалыптастырудағы сайлаудың рөлі туралы түсінік беріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.Оқушылар аса қызығушылықпен байқауға белсене қатысып өздеріне құнды ақпарат алды.