
Қазір халық тұтастай баллонға сығымдалған пропан, бутан газдарын ас әзірлеуге, үй жылытуға көптеп пайдаланады. Көгілдір отын адамдарға қолдану жағынан өте ыңғайлы- тез тұтанады, таза, ыдыстарға күйе жұқтырмайды, түтін шығармайды.
Былай алып қарағанда газдың отын ретінде пайдасы теңдесіз, бірақ адамдар оның қатерлі жақтарын көбінесе еске ала бермейді. Газға ұқыппен қарамай, сәл ғана қателік кетсе, «дос» болып жүрген пропаныңыз нағыз қатерлі жауыңызға айналып, жақындарыңызға және үйіңізге үлкен апаттар әкелуі мүмкін.
Газ жарылысының салдарынан қайғылы оқиғалар елімізде жиі болып тұрады. Бір адамның ұқыпсыздығынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан көрші тұратын бірнеше жанұя қайғылы жағдайға тап болып, зардап шегеді.
Қазақстан Республикасының «Газ туралы» Заңы бойынша – газ баллон қондырғысын 2 қабаттан жоғары тұрғын үйлерде пайдалануға және сақтауға тыйым салынады.
Осыған орай, азаматтардың газ баллондарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеміз:
Егер газдың иісі шыққанын сезсеңіз:
Аягөз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі