
2024 жылдың 4-5 қаңтар аралығында «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі»КММ-де және «№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі»КММ-де аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жаңа жыл»мерекесіне арналған білім қызметкерлері арасындағы аудандық волейбол жарысы өз мәресіне жетті. Жарысқа 13 команда :№1,№3,№4,№5,мектеп- гимназия,К.Бозтаев атындағы гимназия,мектеп-лицей, №10 гимназия, С.Ғаббасов атындағы орта мектебі,О.Менаяқұлы атындағы орта мектебі,балалар-жасөспірімдер спорт мектебі,Айғыз орта мектебі,А.Көшкімбаева атындағы орта мектебінің командалары жүлделі орындарды сарапқа салды.Ақтық ойындар № 4 орта мектебінде өтті.Ойындар шиеліністі өтті.Ақтық ойындарға №1 орта мектебінің командасы,№4 орта мектебінің командасы және С.Ғаббасов атындағы орта мектебінің командасы шығып, өз -ара ойындарымен көрермендерді бір қуантты.№ 4орта мектебінің командасы І орын, № 1 орта мектебінің командасы ІІ орынды,С.Ғаббасов атындағы орта мектебінің командасы ІІІ орынды иеленді.
Үздік ойын көрсеткен ойыншылар,жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің мақтау қағаздарымен,медальдарымен,кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз!