
2024 Жаңа жыл қарсаңында аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев ардагер ұстаздарымызды ыстық ықыласымен құттықтап,Жаңа жыл сыйлықтарын табыстады. Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Маликова бөлім басшысының құттықтауын,тілектерін жеткізді. Құрметті ардагер ұстаздар! Сіздерді жаңа 2024 жылымен құттықтаймын! Жаңа 2024 жыл жаңа бақыт,жағымды жаңалықтарға толы болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Өмір бойы жас буынды тәрбиелеуге барлық күш- жігерлеріңізді аямадыңыздар! Еңбектеріңіз ақталып, қаншама түлектеріңіз еліміздің түпкір-түпкірінде халыққа қызмет етуде! Ауырмай,сырқамай мерекелерді бірге тойлап жүреуге алла нәсіп етсін!