
Достар, жақын арада мемлекеттік қызметке орналасу үшін тестілеуден өтуді жоспарлап жүрсіз бе? Онда бұл мақсатыңызды egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырсаңыз болады!
Ол үшін:
Порталда авторизациядан өтіп, «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу» бөлімінен «Мемлекеттік қызмет» тарауын таңдап, ішінен тестілеуге қатысты қызмет сілтемесін басыңыз;
«Онлайн сұрау» жасаңыз;
Өтінімді толтырыңыз;
Жеке кабинетіңізге тиісті хабарлама мен өтініш келіп түседі.
Ары қарай өзіңіз белгілеген уақытта өтініш арқылы әкімдікке барып, тестілеуден өте аласыз.
Тестілеуден сүрінбей өтуіңізге тілектеспіз