
18 мамырдан бастап Өскемен қаласында шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін 4 орталық ашылады. Сондай-ақ заңды тұлғаларға арналған ХҚО 13 аудан орталығында ашылады. Тиісті шешімді ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық штабы қабылдады.
Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсету үшін кәсіпкерлерге құжаттарының толық пакетін ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимін сақтауды сұрайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлері бетперде мен қолғаптарда жұмыс істейтін болады.
Айта кету керек, жеке тұлғалар мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуды жалғастырады.
Заңды тұлғалар үшін ХҚО-ның жұмыс кестесі Дүйсенбі-жұма аралығы 9.00-ден 17.00-ге дейін, Сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін.
Заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған ХҚО тізімі:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
Заруетқызы Мөлдір 87015804921