ТЕҢГЕ-ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЛБЕТІ

ТЕҢГЕ-ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЛБЕТІ

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында ҚР Ұлттық валютасы - теңгенің айналымға енгеніне 30 жыл толуына орай «Теңге-тәуелсіздік келбеті» атты танымдық дәріс ұйымдастырылды. Дәріске № 5 мектептің 4-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Р.Киізжанова, М.Ахатова қатысты. «Центр Кредит Банк»-тен дәріске арнайы келген клиенттерге қызмет көрсету менеджері Дулатбек Еркебол Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің шығу тарихын, валюталық қарым-қатынасты нығайтудағы теңгенің қызметі, қолданыстағы маңызы, сол кездегі қиыншылықтарға төтеп берген мемлекетіміздің өркендеу жолдарын баяндап, тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктерін мақтанышпен оқушыларға баяндап берді. Сонымен қатар банк қызметкері жаңа дизайнда айналымға шыққан 20000 теңгені оқушылардың назарына ұсынды. Дәріс музейдің экспозициялық бөлімдеріне экскурсия жасаумен жалғасын тапты.

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің

 Аягөз қаласындағы филиалы