СЫРЛЫ АСПАПТАРДЫҢ СИҚЫРЛЫ ҮНІ

СЫРЛЫ АСПАПТАРДЫҢ СИҚЫРЛЫ ҮНІ

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында «Сырлы аспаптың сиқырлы үні» атты танымдық дәріс өтті. Дәріске Аягөз ауданы Білім бөлімінің білім жетілдіру курсынан өтіп жүрген психолог мамандар мен филология ғылымдарының кандидаты Г.Зайсанбаева қатысты. Қазақ халқының та­рихи-мәдени, әлеуметтік және рухани өмірінде музыка өнері айрықша мәнге ие. Сан ғасырдан сарқылмай жеткен музы­калық дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халық шығармашылығының ажырамас бөлігіне айналды. Музыкалық мә­дениетіміздің негізін ән, ауызекі дәстүрге не­гіз­делген суырып сал­ма­лық, эпикалық, сон­дай-ақ аспаптық шығармалар құрайды. Сырлы ас­паптардың ішекті, үрмелі, тілшелі, соқпалы түрлері: жетіген, шертер, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, асатаяқ, тұяқ, қоңырау және тағы басқалары музейдің «Этнография» бөлімінің төрінен орын алған.

 

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің

Аягөз қаласындағы филиалы