
Джиу-джитсу сөзінің өзі мойынсұнуды, яғни «жеңу үшін мойынсұнуды» білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, бұл күрес пен өзін өзі қорғаудың әмбебап өнері.
Джиу-джитсумен айналысушы адамның психикасын анатомияның биофизиканы жақсы білуге тиіс. Спорт –денсаулық кепілі.
Осы спорт түрінен 02.-10.11-.2023ж.аралығында өткен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Абу-Даби қаласында Джу-Джитсудан ХV-ші Әлем Чемпионатына «СМУ»КеАҚ «Анестезиолгоия және реаниматология ересектер, балалар» мамандығы бойынша оқитын резидент Құнанбаев Мадияр Ғалымжанұлы қатысып,(80 кг.) салмақ дәрежесі арасында 5-ші орынға ие болды. Әлемдік додаларда бестікке кіру деген керемет жетістік! Мадияр жерлесіміз,Мынбұлақ орта мектебінің түлегі, бұдан да биік шыңдаоды бағындырады деген сенімдеміз!
Семей қаласында бапкері Батталов Д.
09.11.2023 жылы,14:00-де «Абай» әуежайынан Құнанбаев Мадиярды Дипломнан кейінгі білім беру, жұмысқа орналасу және түлектер мансабы мектебінің қызметкерлері, студенттер және денешынықтыру кафедрасының оқытушылары тосып алды.
«СМУ»КеАҚ әкімшілігінен имидж пакеті берілді.