Аудандық дене шынықтыру бірлестігінің қашықтықтан оқыту жағдайында атқарылған іс-шаралары

Аудандық дене шынықтыру бірлестігінің қашықтықтан оқыту жағдайында атқарылған іс-шаралары

Қашықтықтан оқыту жағдайында аудандық дене шынықтыру пәні бірлестігі жақсы және  тиімді жұмыс  істеді.Көктемгі  демалысты  тиімді  пайдалана  отырып, 4 тоқсанға 1 – 11 кластарға сабақ жоспарларын әзірледі.Тоқсан  басталғанда үлкен көмегі тиді.Салауатты  өмір  салтын  насихаттауды алғашқы  болып, ауданымыздың  дене шынықтыру пәні  мұғалімдері бастап,бейнеролик  жасады.  Бұл  бастаманы облысымыздың барлық қала,аудандардың  дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімдері қолдап,бейнероликтер  жасады. Ғылыми –практикалық дене шынықтыру орталығының «Үлгі  бол!» атты бастамасын ауданымыздың ата-аналары балалармен бірге  жаттығулар жасап,ғылыми –практикалық дене шынықтыру орталығының сайтында жарияланды. Логотипында ауданымыздың ұстаздары Э.Ниханбаева мен Ш.Каджиакпарова балаларымен бейнеленді.7 Мамыр Отан  Қораушылар,Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы Жеңісінің  75 жылдығына арналған отбасылық бейнеролик облыс көлемінде жеңімпаз атанып, Шығыс Қазақстан  облысының атынан Республикалық челленджға  қатысты.

Оқушылар  арасында аудандық онлайн жарыстары өткізілді. Оқушылар жаттығулардың 6 түрінен жарыс  жолына шығып,мықтыларды  анықтады.Дене  шынықтыру пәні мұғалімдері арасында танымдылық  байқауы  өткізілді. Ұстаздар 120 тест сұрақтарына  жауап  іздеп, дайындалып,біршама білімдерін  көтерді  деп  айтса  да  болады.

Жарыс, байқаулдарды жоғарғы  деңгейде  өткізген ауданымыздың  дене  шынықтыру  пәні  мұғалімдеріне алғысымыз шексіз!!! Атап айтсақ: Э.Ниханбаева(№1ом),Ш.Каджиакпарова(мектеп-гимназия) Б.Ешенғазинов (мектеп-лицей), Е.Оралбеков (№1ом), Е.Ғабдоллин (№6ом), Е.Шегиров (К.Бозтаев ат.ом), М.Ардашев (№ 4ом), Е.Дюйсенғажыев (№ 4 ом).

Жеңімпаз бен  жүлдегерлер  жарыс,байқау соңында онлайн мақтау қағаздармен марапатталды.

Бейнероликтер жасауға ат салысқан дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне,ұстаздарына,ата-аналарға, балаларға да көп  рахмет!