Қуанышты жаңалық!

Қуанышты жаңалық!

Ауданымызда коньки спортының бөлімі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ашылатын болды. Қазақстан Республикасының Туризм және  Спорт министрлігінің Спорт және  дене  шынықтыру істері  комитетінің төрағасы Е.Мырзабосыновтың  қолдауымен,Абай  облысының  дене  шынықтыру және  спорт  басқармасының басшысы Е.Әбілқасымовтың тікелей  көмегімен  қысқы спорт түрінің ашылуына тікелей ат салысқан жерлесіміз, білім нарын  №5 орта мектебінде ашқан  Сарсекенова Кенжеш Садыққызы  Аягөз  жеріне келді.

  Кенжеш  Садыққызы жасөспірім қыздар арасында Қазақстанның,әлемнің екі мәрте жеңімпазы,1994 жылы Лиллехамерде(Норвегия),1998 жылы Нагано(Жапония)қысқы Олимпиялық ойынға қатысушылар,қысқы Азия ойындарына (1999,ОңтүстікКорея)қатысып, 1500 м жүгіруден 8-ші,көпсайыста 9 орын ие болған. Атақты жерлесіміз коньки спортынан мемлекеттік жаттықтырушы,жақында ғана коньки спорты федерациясының вице-президент лауазымына бекітілді. Құттықтаймыз!

   Аягөзге келген сапарын балалар -жасөспірімдер спорт мектебінде бастады. Мектеп директоры Е.Юсупов та осы спорттың ашылуына себепшілеріміздің бірі. Соңғы  кезде орталық  стадионда мұз алаңын  құйып, қала  халқына  қуаныш  сыйлауда. Коньки спортының  жаттықтырушыларымен балалар-жасөспірімдер  спорт  мектебінде,орталық стадионда болашақ жас конькишілермен де кездесіп, коньки спортының қыр-сырымен бөлісті.

Кенжеш  Садыққызы аудан әкімі Қ. Әділбай  және аудандық  білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаевпен қабылдауында  болды. Қанат Серікқанұлы да,Нурғали  Тлекқалиұлы да   болашақта қысқы  спортты,оның  ішінде  коньки  спортын  қолдайтындықтарын жеткізіп, сәттілік тіледі.   Болашақта Аягөз жерінен де елімізге танымал жас спортшылар шығатынына сеніміміз мол!